Мал шаруашылығы кәсіпорындарының қызметін тексерді

Мал шаруашылығы кәсіпорындарының қызметін тексерді
Облыстық мәслихатқа үміткер ретінде өз кандидатурасын ұсынған Асқар Сүлейменов Талғар ауданы Панфилов ауылдық округінде орын тепкен «АЙРШИР» ЖШС мүшелерімен кездесті. Кездесу нәтиежесінде серіктестіктің қыр-сырымен танысып, малдың күйін көріп қайтты. Ондағы жұмысшы қауымға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, партияның сайлауалды бағдарламасымен кеңінен таныстырды. Төрт түлікке жақын жүретін әр-түрлі ауру –кеселдерден сақтану барысында мұқият болып, екпелерді дер кезінде егіп, жіті бақылауда ұстауды тапсырды. Қоғам үшін қатерлі арулардың алдын алып, табиғи өніммен қамтамасыз етуді басты міндет деп санап адал қызмет көрсетуді мақсат етуді өтінді. Сонымен қатар алдағы маңызды саяси науқанға атсалысуға шақырды. Қойылған сұрақтарға жауап беріп, көтерілген мәселелердің сайлау алдындағы бағдарламаға енгізілуін қадағалайтынын жеткізді.

Талғар-ақпарат