Облыстық жане аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Мұрат Алиев және Сұңғат Тлеуханов Панфилов ауылдық округінде ауыл тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында халықтың арыз-талаптарын тыңдап, маңызды мәселелерді қозғады. Азық-түлік бағасының қалта көтермейтіндігін, балалардың білім алудағы қиыншылықтарын айтқан ауыл тұрғындары алдағы уақытта қалпына келтіруді сұрады. Жиын барысында көтерілген мәселелерді басты назарға ала отырып, халық мұқтаждығын болдырмау мақсатында жұмыс жасайтындықтарын жеткізді. Сонымен қатар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, партияның сайлауалды бағдарламасымен кеңінен таныстырды. Алдағы маңызды саяси науқанға бір кісідей атсалысуға шақырды.
Талғар-ақпарат