Тәртіп бар жерде тәрбие бар

Тәртіп бар жерде тәрбие бар
Күні кеше ғана ел бойынша Мәжіліс сайлауының үгіт-насихат науқаны басталды. Ал, сайлауға әзірлік жұмыстары бір айдан бері толассыз жүріп жатыр. Осыған орай Талғар аудандық «Nur Otan» паритиясының кандидаты Бауыржан Әукенов те Ауғанстан соғысы ардагерлері, «Жауынгер» қоғамдық бірлестігі мүшелерімен кездесіп үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында Ауған соғысында ерлікпен көз жұмған боздақтардың есімдерінің жас ұрпақтардың жадында мәңгі сақталуын, сонымен қатар ұлттық идеологияны насихаттау мақсатында өткізетін іс шаралар туралы талқылап, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
Қоғамдық әлеуметтік өмірден тысқары қалып, жай ғана дидарласуға зәру зейнет жасындағы қариялар әңгімесін кезекпен келіп, тыңдап үйін тазалап беретін, азық-түлік, дәрі-дәрмегін әкеліп, қолғабыс жасайтын ерікті жастарға алғыс айтудан бастады. Ұсыныс-тілектер де айтылды.
– Ауған соғысының ардагерлері – біздің замандастарымыз, аға буын өкілдері. Үкімет пен партияның міндетін адал атқарған жауынгерлердің ерлігі – ұрпаққа үлгі. Сіздердің ерліктеріңіз мәңгілік ел есінде. Сондықтан сұрапыл майданда қан кешкен әрбір азаматтың ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі зор. Ардагерлердің көзсіз ерлігін өскелең ұрпаққа насихаттайтын шараларды жиі ұйымдастыру керек, — деп сөз бастаған депутат қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі – ниет керек, одан соң – күш керек, әрине – соңғысы тәртіп. Тәртіп бар жерде – тәрбие бар екенін баса айтып, қатаң тәртіп режимінде өтетін алдағы сайлауда әділ дауыс берулерін сұрады.

Айнаш Әлдибек,
«Талғар»