Үлкен зауыттар да назардан қалмады
19 желтоқсанда Мәслихат депутаттығына үміткер кандидаттар Игибаев Ержан мен Алимов Марат Талғар қаласында орналасқан «LGS Kazakhstan Elevator Group» қазақстандық лифт өндіру зауытына ат басын бұрып, ондағы сайлаушылармен кездесу өткізді. Кездесу барысында жұмысшылардың жағдайларымен танысып, ел экономикасы үшін маңызды жұмыс жасап жүрген жандардың еңбектерінің елеусіз қалмайтынын тілге тиек етті. Сондай- ақ «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен, аймақтың алдағы 5 жылға арналған даму жоспарымен таныстырды. Зауыт жұмысшыларымен пікір алмасып, сайлаушылардың сұрақтарына жауап берді. Індет жайлаған жайсыз уақытта өз денсаулықтарына көңіл бөліп, уақытылы тексеруден өтіп отыруға шақырып, медицина саласында да қолдау көрсетілетіні жайлы жеткізді. Аймақтың кейбір проблемалық жағдайларын да қарастырып, шешімін табуға ат салысатындарын жеткізді.
Кездесу соңында спикерлер жиналғандарды 2021 жылы 10 қаңтарда өтетін сайлауға толыққанды қатысуға шақырды.
Айнаш Әлдибек,
Талғар-ақпарат