Жастар мәселесі – басты назарда
Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Айткалиев Жаслан 19 желтоқсанда аудан жастарымен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасымен кеңінен таныстырып, алдағы маңызды саяси науқанға атсалысуға шақырды. Жастар саясатын жүзеге асырудың бағыттарына тоқталып, белсенді жастарды аянбай еңбек етуге шақырды. Табысты еңбек ету үшін түрлі бағдарламалардың қолға алынып, белсенді жастардың мүмкіндіктерін толық ашуына мүмкіндік жететіндігін де тілге тиек етті.
-
Ауданымыздағы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бағыты 2015 жылы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясаты туралы Заңы және «Қазақстан-2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында өз деңгейінде жүргізілуде. Бұдан кейін де жастар қоғамнан тыс қалмақ емес. Жастарды әлеуметтендіру процесі бұл — жастарды қоғамдық — саяси өмірге қосудың басты тетігі. Объективтіліктік тұрғысынан, жас ұрпақтың қоғамның дамуына қатысу мәселесі ел дамуының сапасы мен қарқынын, сипатын көрсетеді. Заңның мақсаты – жастардың ойдағыдай әлеуметтенуіне, олардың әлеуетін елді одан әрі дамытуға бейімдеуге бағытталған мемлекеттік жастар саясатының тиімді моделін қалыптастыру болып табылады, — деп өз оймен бөлісіп, қойылған сұрақтарға жауап берді. Кездесу барысында көтерілген мәселелерді бағдарламаға енгізіп, бақылауға алатынын жеткізді.
Айнаш Әлдибек,
Талғар-ақпарат