Кездесу онлайн форматта өтті

Кездесу онлайн  форматта өтті
2021 жылдың 10 қаңтарына бекітілген  Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттары сайлауын өткізуге қатысты заң талаптары аясында әртүрлі кездесу, түрлі форматтағы басқосулар кеңінен ұйымдастырылуда.  Осы орайда  «Nur Otan» партиясының үгіт-нәсихат жұмыстары қарқынды  жалғасуда.  Аптаның алғашқы күні  «Nur Otan» партиясы атынын ҚР Парламенті мәжілісі  депутаттығына үміткер Тельпекбаева Жанна Тілеубекқызы және Абсеметова Алия Маратқызы ауданымыздың этно-мәдени орталықтарының  өкілдерімен онлайн форматта  кездесу өткізді. Кездесуге шамамаен 35 адам қатысты. Партия тарапынан атқарылып келе жатқан ілкімді істер  мен  қатар алдағы уақыт еншісіндегі басымды бастамалар жайын тілге тиек еткен кандидаттар, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтары мен   индикаторлары  туралы баяндап берді.   Тұрақты экономикалық даму және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру «Nur Otan» партиясының негізгі бағыты болып табылады.  Экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жұмыс жасап тұрған өндіріс орындарын сақтау әрі дамыту, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, инвестициялық ауқымды жобаларды жүзеге асыру, тұрақты жұмыс орындарын құру жайы да  кеңінен сөз болды. Ел сеніміне ие болған жетекші партия  әлеуметтік мәселелердің тиімді шешілуін көздейтін кешенді бағдарламаларды одан әрі қарай да тиімді жүзеге асыратын болады. Бұл ретте «Жұмыспен қамтудың жол картасы»  жобасы аясында атқарылатын ауқымды жұмыстар жалғасын табатынын, еңбек нарығындағы қажеттілікті ескере отырып кадрларды қайта даярлау бағдарламаларын одан әрі тиімді жүзеге асыруды, сонымен қатар  елді мекендердегі     инфрақұрылымды жақсартуға, тұрғын үй-коммуналдық саланы жаңғыртуға, сондай-ақ қолайлы экологиялық жағдайды сақтауға бағытталған «Құтты мекен», «Ауыл — Ел бесігі» жобаларын іске асыру  сынды келелі жұмыстар алдағы уақытта да партияның айрықша назарында болатыны айтылды.
           
Онлайн кездесу соңында ҚР Парламенті Мәжілісіне депутаттыққа үміткер Алия Абсембетова  сайлаушыларға 10 қаңтарда өз таңдауын жасап, «Nur Otan»-ға сенім білдіріп, дауыс беруге шақырды.

Райхан Азимова,

Талғар-ақпарат.