Журналистер – қоғамның ҚОҢЫРАУЫ

Журналистер – қоғамның  ҚОҢЫРАУЫ
85 жылдық тарихы бар өмірдің барлық кезеңінде халықпен бірге болып келе жатқан, осы аудан өміріндегі жақсы жаңалықтар мен қоғамның барлық саласындағы өзгерістерді апта сайын жеткізіп отыратын саяси-қоғамдық «Талғар» газеті біз үшін қымбат. Әр аудан өзінің төл газетімен мақтанады. Өйткені сол ауданның тыныс-тіршілігі жайлы айтылатын мақалалар мен репортаждар, түрлі мәдениет жаңалықтары, спорт жарыстары туралы берілетін хабарлар тек Талғар халқы үшін ғана керек. Өйткені сол ортада өзінің немесе таныстарының, күн сайын көріп жүрген адамдарың туралы жазылған мақалалар осы өңір тірлігінен хабар береді емес пе? «Біз талғарлықтармыз!» – деген сөздің өзі көңілге қуаныш әкеледі. «Ағайынның аты озғанша, ауылдастың тайы озсын» деген халық емеспіз бе?! Көрші аудандарда болып жатқан оқиғалар мен түрлі жаңалықтарды тек сол ауданның жергілікті баспасөзі ғана жаза алады. Міне, сондықтан да аудан өмірінің үнпарағы «Талғар» газеті бізге сол үшін қажет. Аудандық жасөспірімдер спорт мектебінде 1000-нан астам балалар спортпен айналысып, осы ауданның абыройын асқақтатып жүр. Арасында елге танымал спорт жұлдыздары қаншама? Ал, солардың жетістіктерін баспасөз бетіне жарқырата көрсететін газет журналистерінің еңбегі қашан да ерен. Спорт мектебінің жаттықтырушылары 2021 жылы «Талғар» газетіне 30 данаға жазылып, аудан өмірінің айнасына бір кісідей қолдау көрсетуді жөн көріп отырмыз. Өйткені газет – өмір айнасы, тіршілік тынысы!
Света Рүстемова,
аудандық спорт мектебінің оқу-тәрбие
ісінің меңгерушісі, спорт саласының ардагері