Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы
Қоғамдық бақылау

Аудандық қоғамдық кеңес мүшелері өткен аптаның соңында Талғар қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында жүргізіліп және тапсырылуға тиісті белгіленген мерзімнен кешіктіріліп жатқан нысандарды аралап шықты. Нәтижесінде қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтіп, атқарылып жатқан жұмыстардың жайжапсары түсіндірілді. Жиналысқа жетекшілік еткен аудандық кеңестің төрағасы Қ.Байболовтың күн тәртібінде көтерген мәселелері бойынша әр салаға жауапты адамдар есептік баяндамаларын көпшілік назарына ұсынды. Айтулы жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, ауылдық округтердің әкімдері, мердігер компаниялар мен БАҚ өкілдері түгелдей қатысты.

Күн тәртібінде аудан бойынша өзекті төрт мәселе көтерілген болса, соның бірі – эпидемиологиялық жағдайға байланысты індеттің 2-ші толқынына қатысты дайындық жұмыстарының барысын аудан әкімінің орынбасары А.Әшімахұн баяндады.
Толығырақ тоқталатын болсақ, ШЖҚ «Талғар аудандық Орталық ауруханасы» МКК санитарлық-дезинфекциялық режі­­­­­­мін күшейткен. Бетперде режімі ұйым­дастырылып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында эпидемияға қарсы сақтық шараларын қатаң сақтауға дайындалды. КВИ бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға жауапты адам тағайындалған. Сондай-ақ Панфилов КБ базасында 2 деңгейдегі реанимациялық 6 төсекті инфекциялық бөлімше ашылды. Қажет болған жағдайда Талғар аудандық Орталық ауруханасында 250 төсекке дейін 2-деңгейдегі инфекциялық стационарды пайдалану мүмкіндігі бар. Қазіргі уақытта Бірлік дәрігерлік амбулаториясының базасында 30 төсектік карантиндік уақытша емдеу орталығы ашылды. «Огонек» лагерінің базасында эпидемиологиялық жағдай өршіген елдерден келген азаматтарды қабылдау үшін 100 төсектік карантиндік стационар дайындалуда. Стационарлар жұқпалы дертке қарсы препараттармен, қажетті антибиотиктермен, қан тамырына жіберілетін сұйықтықтармен толыққанды қамтамасыз етілген.
Қазіргі уақытта 2676 бір жолғы қолданысқа арналған медициналық қорғаныш киімі, бірнеше рет қолдануға болатын 150 дана арнайы қорғаныш киімі, 40200 дана бір реттік бетперде, 550 респиратор, 28000 резиналы қолғап, 400 литр антисептик сұйықтығы, 1000 дана залалсыздандыру құралы, 67 оттегі баллоны, 37 оттегі консолы, 52 оттегі концентраторы бар. Қыркүйек айынан бастап Талғар ОАА мен «МедНурПлюс» ЖШС арасында құны 74408400 тг құрайтын газ толтыру станциясын сатып алуға келісімшарт жасасқан. Қазіргі таңда оттегі станциясының монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр, қараша айының басында толығымен қолданысқа беріледі деп жоспарланып отыр.
Аудан көлеміндегі азық-түлік пен дәрі-дәрмек бағасының тұрақтылығын бақылау бойынша аудан әкімінің орынбасары Д.Нұржанов тарқатып айтты.
Еліміздегі жағдайға байланысты карантин режімі уақытында, әлеуметтік маңызы бар тауарларға тапшылықты болдырмау мақсатында ауданға «Жетісу» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясынан 20 тонна күріш, 100 тонна бірінші сұрыптағы бидай ұны, 5 тонна қарақұмық жармасы, 10 тонна макарон өнімдері, 40 тонна қант, 10000 литр сұйық май, 100 тонна картоп, 50 тонна пияз сынды азық-түліктер алынып, келісімшарт негізінде аудан дүкендеріне таратылды. Қалалық және ауылдық округтерде орналасқан әлеуметтік маңызы бар дүкендерде 19 атау бойынша азық-түлік бағаларына күнделікті мониторинг жүргізілуде. Бүгінде аудан көлемінде 60 дүкенде әлеуметтік бұрыштар ұйымдастырылған. Халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына төмендетілген бағамен азық-түлік сатып алуға мүмкіншіліктері бар.
Сонымен қатар Талғар қаласы мен Бесқайнар ауылдық округінің қысқы маусымға дайындығы және 2020 жылға арналған жұмыспен қамту Жол картасын жүзеге асыру барысында атқарылып жатқан жұмыстары жайлы Талғар қаласы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Н.Бекболатұлы мен Бесқайнар ауылдық округінің әкімі М.Әділбеков жеткізді.
Талғар қаласы бойынша 2020 -2021 жылға арналған маусымдық жылу жұмыстары жүйелі жолға қойылған. Қала бойынша мемлекет қаржыландыратын 27 нысан бар. Оның ішінде 15-і білім саласының, 1-еуі денсаулық саласының, 2-еуі мәдениет нысаны болса, 1 әлеуметтік нысан мен 3 спорт мектебі. Он бес нысан лимит бойынша 217 811 литр сұйық отынмен, 12 нысан табиғи газбен жылытылады. Қала бойынша ЖК «Гасанов», «Алматы Отын» ЖШС, ЖК «Нұрбек» секілді 3 көмір базасы тұрақты жұмыс істеуде. Қазір аталмыш базаларға 600 тоннаға жуық көмір әкелінген, «Шұбаркөл» көмірінің тоннасы 16 мың тг, «Қара жыра» көмірінің бір тоннасы 15500 теңгеден сатылып жатыр.
Ал қаланың жолдарын қысқы мерзімде күту және тазалау жұмыстарына 5996520 тг қаражат қарастырылған.
Іле Алатау бөктерінде орналасқан Бесқайнар ауылдық округіне ерте қар түсетіндіктен, басты назарда ұстайтын аймақтардың бірі. Ауылдық округтің автокөлік жолдарының бойына құм төгілген. Жылу маусымы толығымен басталып, қажетті нысандар отын-көмірмен қамтамасыз етілген.
«Жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша Бесқайнар аулының Төле би және Сәтпаев көшелерінің жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Талғар аудандық тұрғын үй коммуналдық шарушылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-сінің тапсырысымен мердігер компания ТОО «Энергохолдинг» атаулы округтің су құбырын ауыстырып жатқанынан хабардар еткен болатынбыз. Қазіргі таңда 4 шақырымнан астам су құбыры жаңартылып, 65 құдық, 39 өрт гидранты орнатылған, бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар жиын барысында аудандық «жолаушы көлігі және автомобиль жолдары» бөлімінің басшысы А.Досжанов та өз саласында атқарылып жатқан жұмыс барысынан хабардар етті. Айтуынша, аудан көлемінде жылдың басында қолға алған жолдардың күрделі және орташа жөндеу жұмыстарының басым бөлігі межелі уақытта толығымен аяқталып, тапсырылған. Тек түйіні шешілмеген өзекті мәселе — Талғар қаласындағы Мұратбаев пен Павлов көшелері, Бесағаш ауылындағы Ломоносов, Құрманғазы көшелері, Еркін ауылына қарасты Байсейітова көшесінің жөндеу жұмыстары толық аяқталмаған. Жөндеу жұмыстарын СМК «Шебер» ЖШС мердігер мекемесі қолға алған. Айтулы көшелердің сапасы сын көтермейді. Тексеріс нәтижесі бойынша асфальт сапасыз салынып, біріккен жерлері дұрыс жасалмаған. Жолдың беті кедір-бұдыр, талапқа сай емес. Жол шетіндегі асфальттар тығыздалмаған, арық жүйелері талапқа сай орнатылмаған. Мәселеге қатысты Алматы облысының экономикалық сотына арыз беріліп, соттың шешімі бойынша 26 қазанға дейін тапсыру міндеттелген. Алайда бүгінгі күнге дейін еш өзгеріс жоқ екенін айта келіп, мердігер мекеменің жұмысына бөлім басшысы шағым жасады.
Сонымен қатар «Silk Road Construction» ЖШС мердігер мекемесінің жауапкершілі­гіне жүктелген Бесағаш ауылына қарасты Белбұлақ және Молдағұлова көшелерінің жұмысы да толық аяқталмаған. Жұмыс нысанында жұмысшылар да, техникалар да жоқ. Қазан айының аяғында тапсырылуы тиіс нысанда қазіргі кезде жұмыс тоқтап тұр. Бөлім тарапынан 4 рет хабарлама жіберілгенімен, еш нәтиже болмағандықтан мәселеге қатысты бөлім басшысы Алматы облысының экономикалық сотына арыз жіберілетінін жеткізді.
Қоғамдық кеңес отырысында көтерілген мәселелерді талқылай отырып, қоғам мүшелері жұмыстарын белгіленген уақытта аяқтамаған «Шебер» ЖШС, «Девятка» ЖШС, «Silk Road Construction» ЖШС мердігер мекемелерінің өкілдерін ортаға шығарып, қараша айының 10-на дейін міндеттелген жұмысты аяқтап толық тапсыруды, егер тапсырылмаған жағдайда сот органдарына шағым түсірілетінін ескертті. Карантин кезінде заң бұзушылықтардың алдын алып, арнайы құрылған комиссия арқылы тұрақты тексеріп, шаралар қолдануды, індеттің екінші толқынында жеткілікті мөлшерде дәрі-дәрмек, медициналық бетперделердің қорын жеткілікті мөлшерде дайындауды, негізгі дәрі-дәрмектің 44 түрінің аудан көлеміндегі бағасының қол жетімді болуын мониторинг жүргізу тобы арқылы тексеріп тұруын міндеттеді.
Қоғамдық кеңес төрағасы Қ.Байболов 2021 жылдан бастап аудан көлемінде азық-түлік, ауылшаруашылық өнімдерін сақтау қорын құруды қолға алып, көршілес облыстар мен аудандар арасында егіс науқаны аяқталған кезде облыстық ауылшаруашылық басқармасы арқылы екі жақты, үш жақты келісімшарттар жасау мүмкіндіктерін қарастыруға ұсыныс білдірді.
Сондай-ақ Талғар қаласы бойынша айына бір рет орталық алаңда қала тұрғындары үшін төмендетілген бағамен ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесін өткізіп тұруды тапсырды.
Қала бойынша тұрмысы төмен отбасыларға, мүгедек жандарға, балалар үйіне арнайы тізім бойынша жеңілдетілген бағамен көмір, сұйық отын жеткізіп беру жағын бақылауға алып, қысқы уақытта жол апаты қауіпсіздігін сақтау мақсатында көктайғақ, қарлы боран кездерде қажетті құм, тас, тұз т.б. жеткілікті түрде дайындау тапсырылды.
Талғар қаласы және Бесағаш ауылдық округтері бойынша 2020 жылғы «Жұмыспен қамту» жол картасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар инфрақұрылымдық жобаларда көрсетілген мерзімде аяқталмаған жағдайда заң аясында сот арқылы қаралған қаржының бюджетке қайтарылу жағын қарастыруды қатаң тапсырды. Бесқайнар ауылдық округіндегі су құбырын тартуда бүгінгі күні шешімін таппай тұрған мәселенің бірі – ауыл орталығында алма-бақ арқылы өтетін 60 метр жекеменшік жер иесінің келісімін алып, жұмысты жалғастыру ауыл әкіміне тапсырылды. Айтулы жиынның күн тәртібінде көтерілген мәселелер бойынша, келешекте атқарылатын, қаралған жұмыстардың жүйелі түрде уақытылы аяқталуын қадағалау аудан әкімінің орынбасарларына, қала және ауыл әкімдеріне, бөлім басшылары мен мердігер мекемелердің басшыларына міндеттелді.
Айнаш Әлдибек,
«Талғар»