1 қыркүйек Білім күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауын ұсынды. Жолдауда аталған барлық тапсырманы құптай отырып, ауыл жұмыскерлерінің еңбегі төмен бағада бағаланбауы керектігі, қарапайым халықтың төмен пайыздағы несиелер ала алмауы турасындағы айтылған мәселелерін құптаймын. Судың да сұрауы бар демекші су мәселесіне немқұрайлы қарамауы көңіл қуантарлық жағдай болып отыр. Суға зар болып отырған ауылдарға қарап отырып 40% -ға жуық судың далаға бос кетіп отырғандығы жанымызға ауыр тиеді.
Халыққа жұмыс ұсынып, білім ордаларын, мектеп, аурухана жағдайларын қолға алып қамтамасыз ету жайында айтылған мәселесі дұрыс деп есептеймін. Өскелең ұрпағымыз бүлдіршіндерге білім нәрін беретін аяулы ұстаздардың жалақысын 25% ға өсіру керектігі, ұстаздарымыздың еңбегін бағалайды деп ойлаймын.
Мамбетәлі Арайлым
Бесқайнар ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушы