Бүгін, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялады.
Президент елдің жаңа бағытының жеті қағидатын жария етті:
1. Игіліктер мен міндеттерді әділ бөлу;
2. Жеке кәсіпкерліктің жетекші рөлі;
3. Адал бәсекелестік және кәсіпкерлердің жаңа буыны үшін нарықты ашу;
4. Өнімділіктің өсуі, экономиканың технологиялылығын арттыру;
5. Адами капиталды дамыту;
6. Экономиканы көгалдандыру, қоршаған ортаны қорғау;
7. Мемлекеттің негізделген шешімдер қабылдауы және қоғам алдындағы жауапкершілігі.
Президент Жолдауын зор шынайы сезіммен қабылдадық. Мемлекет басшысы еңбек етіп жатқан тұрғындарды және халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау саясатын жалғастырып келеді. Еліміздегі ұстаздар қауымын нақты қолдау – бұл еліміздің алдағы ондаған жылдағы саналы және білімді ұрпағына деген қамқорлықтың көрсеткіші. Мұғалімдер беделін көтеру және оларды материалдық тұрғыда қолдау олардың лауазымдық еңбекақысын ұлғайту ғана емес, оқытушы мамандығының абыройын көтеруге, ең алдымен мұғалім біліктілігін жетілдіруге, ынталандыруға, өзін-өзі жетілдіруге және оқытудың үздік әдістерін меңгеруге ықпал етеді. Бағдарламалық маңызы терең, тұжырымдамасы анық бұл Жолдау нәтижелі жұмыстарға бастайтынына сенімдіміз. Жолдауда белгіленген әлеуметтік сала бойынша мақсат-міндеттер – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өз халқына деген шынайы қамқорлығының көрінісі.
Замира Қалымбетова
аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі