Сіздердерді ауданымыздың айнасы, жаңалықтың жаршысы болып жүрген сүйікті газетіміздің мерейлі 85 жылдығымен əрі кəсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
«Газет – халықтың көзі, құлағы, һəм тілі» деп Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов айтқандай, өмірде болып жатқан жаңалықтар мен маңызды дүниелерді оқырманына айна-қатесіз жеткізіп отыратын баспасөз құралдарының қоғам дамуына қосар үлесі зор. Бұл ретте, аудан өмірінен, тыныс-тіршілігінен хабар беретін, өзіндік сара жолы бар жергілікті «Талғар» газеті оқырмандар үшін ерекше жақын əрі қымбат. Аудан тұрғындарын ұлттық рух, отаншылдық се зім, имандылық қағидалар тұрғысынан тəрбиелеуде елеулі үлес қосып келе жатқан газеттің əр санын қалың оқырман тағатсыздана күтетіні де рас. «Өзі бір күндік болғанмен, сөзі мың күнге» татитын тұщымды, өзекті мақалаларды оқығанда сана-сезімің бір серпіліп, рухани байи түсетінің анық. Ал сол мақалаларды қағаз бетіне түсіретін тынымсыз мамандық иелері – журналистердің қоғам алдындағы еңбегі ұшан-теңіз. Қаламға іліккен, қағазға түскен дүниенің уақыт өткен сайын қадірі арта түсетіні белгілі.
Бүгінде «Талғар» газетінің уақыт талабына сай мазмұнды əрі тартымды болып шығу жолында аянбай тер төгіп келе жатқан журналистерге, жалпы шығармашылық ұжымға айтарымыз тек алғыс. Төл мерекелеріңіз құтты болсын! Алдағы уақытта да еңбектеріңіз жанып, басылымның мəртебесі биіктей берсін, оқырманның ойын дөп басар тұщымды мақалалар көп болсын, дегім келеді!!
Құрметпен, Жұмахан Еңкебайұлы,
Талғар аудандық мəслихатының хатшысы.