«Сенім мен сынаққа толы жыл болды»

«Сенім мен сынаққа толы жыл болды»

Бүгін мемлекет басшысы   Қасым-Жомарт Тоқаевтың : «ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТАҒДЫРЫ ТАРИХ ТАРАЗЫСЫНДА ТҰР» атты «Ана тілі» газетіне арнайы берген сұхбатымен  танысып шығып, өзіме бірнеше ой түйдім.  Бұл сұхбатында  Мемлекет басшысы еліміздегі болып жатқан індеттен (пандемиядан) халықты аман-есен алып қалу жолдары қарастылып, жағдай жасалып жатқандығы туралы айтып, халықты сабырлыққа шақырып  яғни,» Кемедегінің жаны бір» демекші, аурудың адам талғамайтындығын, бәріміздің   бір ауаны жұтып жатқандығымызды тілге тиек етіп, ауруды асқындырып алмауға үндеп отыр.
Келесі бір,бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі мемлекеттік тіліміздің  мәртебесі екендігі бәрімізге белгілі. Мемлекет басшысы осы отыз жыл ішінде қазақ тілін дамытуға қатысты істелген істерді тілге тиек етіп, Елбасының да айтарлықтай үлесінің бар екендігін,  туған тіліміздің қолдану аясын кеңейту үшін көп жұмыстар атқарылғандығын,  тілдік проблеманың үлкен саяси мәні мен маңызы бар екендігін, ТІЛ мәселесіне бей-жай қарап, нем­құрайдылық танытатын бол­сақ, мемлекеттігіміз бен ұлттық қауіп­сіздігімізге қатер төндіріп алуымыз мүмкін екендігіне де тоқталды. Осы орайда, басқа мемлекеттердің жіберген қателіктеріне жол бермей, ұлтаралық араздыққа дейін жеткізбей  тілдің мәртебесін көтеру үшін енді не істеуіміз керек екендігі туралы өз ойын  сараптап, санамалап  берді.

Сонымен қатар, «Еңбекпен тапқан нан тәтті» дейтін ата-бабамыздан келе жатқанеңбек адамына деген ерекше құрметтердің орын алып жатқандығын, қазір елдің еңбекке етене араласуы үшін өзінің берген тапсырмалары аясында Үкімет тарапынан бірқатар бағдарламалар қолға алынып, елдің  хал-ахуалының жақсарып келе жатқандығын  және де ел мен жерді еңбекпен көркейту үшін жасалып жатқан   жаңа қадамдар мен жобаларына да қысқаша тоқталғандығы да болашаққа деген мол сенім ұялатары сөзсіз…

Қазір «Тойың тойға ұлассын» деп әндетіп, той тойлап жүретін уақыт емес. Бүгінгідей технологияның заманында той-томалақтың әңгімесін айтып, бір-бірін асыра мақтап, ас ішіп, аяқ босатқанға риза кейіпте жүру әдетінен арылу керек. Тіпті осындай қауіпті пандемия кезінде кейбір азаматтарымыз маған хат жазып, той өткізуге мүмкіндік беру керек деп талап қояды. Мемлекеттің өзі өлермендікпен өмір сүретін кезге келдік. Сондықтан еңбек ету – өмір сүру салтына айналып, басты міндет саналуға тиіс. Той қуалайтын емес, ой қуалайтын кезеңмен бетпе-бет келдік. Бұл дәуір – ақыл-ойдың, ғылым мен білімнің, еңбектің дәуірі!- деген ой да көпшілікке терең ой салары және салғаны сөзсіз.

Жалпы ел басқару аса зор жауап­кер­шілік жүктейді. Бір жыл – көп уақыт емес. Десек те, белгілі саясаттанушы Нұрлан Сейдін мырзаның   көш бастаған тұлға ретінде Президентіміз Қ.К.Тоқаевтың  еңбегіне «Сенім мен сынаққа толы жыл болды»-деп берген бағасына толықтай келісемін.

Баршаңызға мәлім, Қазақстан Президенті қызметін атқарған бір жыл оңай болған жоқ. Аталған мерзімді аса күрделі сынақтарды еңсерген жыл деп айтуға болады. Дегенмен, халықтың қолдауына бөленіп жүрген Мемлекет басшысына халықтың ықыласы күш-жігер беріп, мемлекет басқару ісін табысты жүргізуіне ықпал етері сөзсіз…  Аз уақыт ішінде саяси және экономикалық салалар бойынша көптеген реформалар жүзеге асырылып келе жатқандығын,бұл саясат алдағы кезеңдерде де жалғаса беретіндігіне күмәніміз жоқ. Еліміздің одан әрі жаңғыруына, дамуына қатысты тың идеяларының бар екендігіне, ол идеяларының халық үшін  іс жүзінде  орындалуына   сенімім мол.  Еліміздің іші даудан, сырты жаудан аман болсын!

Б.Күрішбеков,

Төрағаның бірінші орынбасары.