«Əрекет етудегі мақсатқа адам ең алдымен өзінөзі жетілдіру, содан кейін бір үйде немесе бір қалада тұратын басқаларды жетілдіру арқылы жетеді», – деп ұлы бабамыз əл-Фараби айтпақшы, Еңбекшіқазақ ауданындағы Таусүгір ауылында туып-өскен Күлəйхан Барманбекова жас кезінен табанды қыз еді. Алдына қандай мақсат қойса, соған жетпейінше тыным таппайтын əдеті бар-тын. Оның арманы – дəрігер болу еді. Мектеп бітірген соң екі жыл еңбек еткен Күлəйхан 1994 жылы Талғар қаласындағы медициналық колледжге келіп түсті. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласатын алғыр қыз көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысып, мəдени ісшаралардың ұйтқысы болды. Медициналық колледжін бітірген соң, еңбек жолын Талғар перзентханасында бастаған Күлəйхан бес жылдан соң хирургия бөліміне ауысты. Күні-түні науқастар келіп жататын, ота жасалған соң осы бөлімге лезде жеткізілетін науқас жандарға қамқорлық жасап, жарасын таңып, түрлі сараптама жүргізетін мейірбикелердің таң атқанша көз ілмей жүгіріп-жүріп өткізетін сəттері жиі кездеседі. Міне, осы бөлімде он бес жылдан астам уақыттан бері еңбек етіп келе жатқан Күлəйхан Барманбекова осының бəрін басынан өткерген мейірбике. «Еңбек түбі – зейнет» – демекші, бұл күндері хирургия бөлімінің тəжірибелі маманы саналатын Күлəйхан Нұрсапақызы осындай жан.
Тұрсынбек ЖАЛҒАСБАЕВ,
«Талғар».