Құрметті «Талғар» газетінің ұжымы!
Сіздерді жайма шуақ жаздағы төл мерекелеріңіз Байланыс және бұқаралық ақпарат қызметкерлері күнімен және ауданымыздың айнасы «Талғар» газетінің 85 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз!
Ауданымыздың тілшілер қауымы қоғам тарапынан артылған маңызды жауапкершілікті абыроймен атқарып, аудан халқы тың жаңалықтар мен қажетті ақпарат алуда. Еліміздің татулығы мен тұрақтылығының өрістеп-өрлеуінің қарқынын паш ететін журналистер қауымы қашанда құрметке лайық.
«Алматы облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің Талғар филиалы аудандық «Талғар» газетімен тығыз байланыста жұмыс жасап келеді. Аудандық газетімізді үзбей алып, ауданымыздың тыныс-тіршілігімен танысып отырамыз. Бүгінгі күні архивистеріміз осы басылымға түрлі тақырыптарда мақалаларын жариялап отырады. Газет тілшілері Райхан Азимова, Перизат Нұрқаева сынды қарымды қаламгерлер архив жұмысының қыр-сырын ашып, архивистердің ерен еңбек жолдарын барша жұртқа паш етіп, мақалаларына арқау етіп, газет бетіне жарқырата шығарып келеді. Қай кезде де халықтың қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани тақырыптардағы маңызды проблемаларын қозғап, игілікті іске жанашырлықпен үн қосып, келелі мәселелердің кесімді шешім табуына кәсіби шеберлікпен атсалысып, қажырлы еңбек келе жатқан газет ұжымының 85 жылдық мерейтойы құтты болсын! Қадірлі басылымның абыройы арта берсін! Баршаңызға шығармашылық табыс және сәттілік тілейміз!
Ізгі ниетпен,
«Алматы облысының мемлекеттік архиві»
КММ-нің Талғар филиалының директоры К.Ж.Отарбаева.