«Талғар» газетінің жазары таусылмасын

«Талғар» газетінің жазары таусылмасын

Құрметті Бақтияр Мырзаханұлы!
Құрметті редакция ұжымы!

«Талғар» аудандық газетінің 85 жылдық мерейлі жасы құтты болғай! Талғар жұртының тұра қалып қолдан қолға түсірмей оқыр сүйікті газеті болғай! Елдің елдігін айтар, енкейгенін тіктер, еңсесін еселей көтерер басылым болғай! Өзіндік қалтқысыз қолтаңбасы, брендтік мәнері болғай! Айтар ойларың у, сөйлер сөздерің су, үміттерің бу болмағай!

Ізгі ниетпен,
Махамбет атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің

«Рухани жаңғыру» институтының директоры,

профессор, Абат Сатыбайұлы.