««Алатау жұлдызы» деп аталған кезінен таныспын»

««Алатау жұлдызы» деп аталған кезінен таныспын»

Құрметті Бақтияр Мырзаханұлы! 

Құрметті редакция ұжымы!

Сіздерді 85 жылдық мерейтойларыңызбен құттықтаймын!

Өз басым «Талғар» газетімен сонау «Алатау жұлдызы» деп аталған кезінен таныспын. Одан кейін сан
жылдар өтті, газет те сол жылдармен бірге есейді, өсті. Екі тілде жарыққа шығып, халыққа, оқырманға маңызды ақпараттарымен бөлісіп келеді. Газеттің əр санын асыға күтеміз.

Осы газет арқылы жақсы адамдармен танысып жатырмын. Олар халыққа қызмет ету жолында жүрген
журналистер Т.Жалғасбаев, Ф.Ержанова, М.Дүйсенғалиева сынды азаматтар.

Құрметті газет ұжымы, сіздерге зор денсаулық, үлкен шығармашылық табыс тілеймін. Əрқашан халықтың көңілінен шығуға тілектеспін. Сүйікті «Талғар» газетінің ғұмыры ұзақ болсын.

Қаиржамал ҚОНЫСБАЙҚЫЗЫ,
газеттің белсенді оқырманы, Қызыл-Қайрат ауылы.