Құрметті «Талғар» газетінің ұжымы!
Сіздерді 85 жылдық мерейтойларыңызбен шын жүректен құттықтаймын!
1935 жылы шаңырағын көтеріп, уығын нық шанышқан сол кездегі «Сталин туы», бүгінгі «Талғар» газетінің өмірге келуінде журналистердің батыл қадамдары мен ерен еңбегі тұр дер едім. Бұл үнқағаз ақпаратқа сусаған сол кездегі Талғар жұртының сусынын қандырған бірденбір бірегей басылым бола білген. Содан бері 85 жыл зымырап өтсе де, әлі сол деңгейінен бір түспей, ақпарат айдынында еркін жүзіп келе жатқан кемелді басылымға айнала алды. Әрине бүгінде интернет кеңістігі еркін жаулап, қолында ұялы телефоны бар жандар ұзынды-қысқалы ақпаратты әлеуметтік желі арқылы біліп алып отырады. Оған өз үнін қосып желдей естіріп таратады. Бірақ өзі бір күндік болса да сөзі мың күндік газет дәуірін ешкім жоққа шығара алмайды. Газеттің әр қарпінде өткен күннің өмірі мен белесі тасқа жазылған таңбадай мәңгілікке қалады. Газеттің бүгінгі ұжымы ағалар салған сара жолдан жаңылмай, ұлы үрдістен шыға алып жүр.
Құрметті газет ұжымы, ауданның имиджін қалыптастыру жолындағы сіздердің еңбектеріңіз ерен. Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық жетістік пен қажырлы еңбек тілеймін. Аудан өмірін
өркендетуге бірге атсалыса берелік!
Жолан Омаров,
аудан әкімі.