Аудандық газеттердің – ел шежірешісі ретіндегі орны зор

Аудандық газеттердің – ел шежірешісі ретіндегі орны зор

Құрметті Бақтияр Мырзаханұлы!
Қадірлі әріптестер!

Сіздерді Талғар аудандық «Талғар» газетінің 85 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!
Газет шығару ісін жақсы білемін. Оның ішінде аудандық газетті шығару – үлкен тірлік. Мұның бірнеше қиындығы бар. Біріншіден, кадр тапшы. Екіншіден, Абайдың «Ерте барсам жерімді жеп қоям деп, ықтырмамен күздеуде отырар бай» дегеніндей, жылда айналдырып бір ауданның мәселесін жаза беру де оңай емес.

Аудандық газеттердің – ел шежірешісі ретіндегі орны зор. 85 жылдың ішінде талай нәрсе жазылды. Соның бәрі сақталды ма? Газеттің сарғайған парақтарын түгендеп, цифрлық жүйеге енгізу де өзекті
мәселе. Осы жағын реттеп алсаңыздар деген тілегім бар.

Аудандық газеттердің мұңы көп: қаржы жағы қол байлайды, таралым да жылдан жылға азайып барады, «газет керек екенау» дейтін басшылар да азайды, мұның бәрі басылымның күн көруін қиындатады.
Мемлекеттік тапсырыс мәселесінде де шешілмеген түйін көп.

Осындай қиындықтардың бәріне қарамай күндіз-түні асқан жанкештілікпен жұмыс істеп жатқан әріптестеріме жаным ашиды. Тілеулеспін.

К ә с і б и  м а м а н  р е т і н д е  Б а қ т и я р Мырзаханұлы аудандық газеттің сапалы да мазмұнды шығуына, оның таралуына бір кісідей атсалысып келеді. Мұны ел біледі. Газетте жұмыс істейтін әріптестеріме мықты денсаулық тілеймін!

«Талғар» газеті – талғап оқитын басылымға айналсын! 100 жылдық мерейтойға аман жетіңіздер!


Құрметпен,
Нұртөре ЖҮСІП, ҚР Сенат депутаты.