ЖЫЛДАРДАН СЫР ШЕРТІСЕЙІК, ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН!

ЖЫЛДАРДАН СЫР ШЕРТІСЕЙІК, ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН!

Маусым айы – «Талғар» газетінің туған айы. Қиыры жоқ ақпарат кеңістігінде алар орны бөлек, атқарар міндеті ауқымды «Талғар» аудандық газеті сонау 1935 жылдың маусым айынан жарық көре бастады. Биыл біздің басылымға 85 жыл толып отыр. Осынау шежірелі белестерді еңсеріп, аудан халқымен біте
қайнасып келе жатқан «Талғар» газеті өзіндік бағыт-бағдары, бет-бейнесі бар іргелі басылым ретінде қалың оқырманына етене жақын.

Газеттің өткен тарихына көз жүгіртер болсақ, Талғар ауданы өз алдына отау тігіп, іргесін бекіткен кезеңі 1935 жылдың 15 мамырына дөп келеді. Сол уақытта араға бір ай салып басылымның алғашқы саны «Сталин туы» деген атпен оқырманына жол тартады. Міне, содан бері үзіліссіз шығып келе жатқан аудандық газеттің аты заман ағымына қарай сан рет өзгергенімен, заты өзгерген жоқ. Əр кезеңде газет «Сталин туы», «Коммунизм туы», «Звезда Алатау», «Алатау жұлдызы», «Талғар таңы» деген атаулар-мен жарық көрген. Қашан да тіршіліктің тынысын, өмірдің бүлк-бүлк соққан лүпілін тамыршыдай дөп басып, қоғам дамуына өзіндік серпін беріп отыратын уақыт жаршысы халықты жаңалықпен сусында-тып, əдебиет пен өнерге үндеп, уақыт ағымымен үндескен газет бола білді. «Жақсының аты өлмейді» дегендей, газеттің алғашқы кірпішін қалаған, газетке басшылық жасаған өз дəуірінің қайраткерлері
– Е.Жамансарин, О.Түменов, Омаров, А.Қосымбаев, Б.Сəрсенбиев, А.Костин, И.Кириллюк, М.Саин сынды аяулы азаматтардың бұл қара шаңырақта қалдырған қолтаңбасы айқын. Сонымен қатар отыз жыл аясында шығармашыл ұжымды игі істерге жұмылдырып, өнеге өресінен көріне білген газет редак-торлары Людмила Жуненко, Сайлаубек Байдүйсенов, Айтбек Сеитов, Райхан Азимова сынды
басшылардың еңбекгін ілтипатпен атап өткен орынды. Ал, бүгінгі бас редактор Бақтияр Қабасов газет-тің материалдықтехникалық тұрғыдан дамуына тер төгіп келеді.

«Өзі бір күндік болғанымен сөзі мың күндік» газеттің биылғы 85 жылдық мерейтойына орай басылым
бағындырған белестер мен кемелді кезеңдер жайлы материалдар легін бастаймыз. Бұрынғы мен бүгін-гіні жалғаған газеттің тұрмыс-тіршілігінен хабардар оқырмандар болса редакциямызға хат жолдап, ыс-тық естеліктерімен бөліссе, мың мəрте қуаныштымыз. Бүгінгі нөмірде газеттің шығу тарихына тоқтал-сақ, алдағы уақытта газеттің жаны мен жүрегі бола білген үлгілі журналистер қауымы жайлы сөз етеміз. Байланысымыз үзілмесін, аяулы оқырман!

Редакция алқасы