Егер сізге ЭЦҚ алу керек болса, не болмаса порталға бірретік жасырынсөз арқылы кіру керек болса, сізден ұялы телефоныңыздың мобильді азаматтар базасында тіркелуі талап етіледі.
Бұл базада тіркелу өте оңай. Толығырақ Oqy&Toqy айдарында:
1. Egov.kz порталына кіріңіз
2. Оң жақ төменгі бұрыштан «Виртуалды ассистентке» басыңыз
3. Камера батырмасына басып, бейнетүсірілімге рұқсат беріңіз
4. Байланысқа шыққан операторға жеке куәлігіңізді көрсетіңіз
5. ЖСН нөміріңізді, телефон нөміріңізді, телефонға келіп түскен бір реттік кодты хабарлаңыз
6. Сіз тіркелдіңіз!
Мобильді базада тіркеу сізге egovkzbot2.0 телеграм-ботын, egov mobile қосымшасын және проактив қызметтерін пайдалануға мүмкіндік береді.
《Азаматтарға арналған үкімет》 мемлекеттік корпорациясы》
КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалы
Талғар аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімі
1 Пікір
Сабыркүл Ділдәбекова 17.01.2021 at 10:04
Маған сіздердің көмектеріңіз өте қажет. Бірінші топ мүгедегі едім