18 МАМЫР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МУЗЕЙ КҮНІ
Ұлттың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы осыдан бір ғасыр бұрын: «Қазақ – жоқшы, жоғын іздеген халық», – деген болатын. Расында да, қай кезде де халықтың қамы, ұлттың уайымы түгесілмек емес. Төрт құбыламыздың түгелдене түсуі əсіресе тəуелсіз ел ретінде əлемдік қауымдастыққа қосылғаны-мызға бар-жоғы отыз-ақ жыл болған біздің мемлекетімізге оңайлыққа түспесі анық. Өркениет кө-шіндегі мыңдаған жылдық тарихы бар, мəдениеті мен өнері озық елдер бүгінде ең алдымен рухани
байлығымен мақтанады. Сол рухани байлықтың барын жарқыратып жайып салатын басты көрсет-кіші де, тарихи-мəдени мұра ретінде сақтайтын қойма-қазынасы да – музей.
Бірнеше жылдан бері табысты іске асырылып келе жатқан мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдар-ламасы да ең алдымен осы музей ісі саласына айрықша көңіл бөлуде. Алматы облысының əкімі А.Ғ.Баталовтың бастамасымен 2018 жылдың желтоқсанында Жаңалық ауылында Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейі ашылды. Бұл жерұйық Жетісудағы 25-ші музей, халықтың қаралы тари-хын зерттеп, зерделейтін руханият шырақшысы ғана емес, қос аудан – Талғар мен Іле өңірі жұрт-шылығына мəдени, ғылыми һəм рухани қызмет көрсететін ошаққа айналуы тиіс.
Құрметті Алматы облысының тұрғындары, халыққа рухани қызмет көрсету мақсатында жаңадан құрылған біздің Музейіміз жерлестерімізден, көпшілік қауымнан қолдау күтеді. Облысымызда
Халықаралық музейлер күніне орайластырылып 16-22 мамыр аралығында «Музейге сый» акциясы өткізіледі.
Шежіресі бай, ата-баба тарихына бейжай қарамайтын барша парасатты да зерделі жандарды қолда-рыңыздағы құнды жəдігерлерді – мейлі ол жеке тұлғаларға қатысты отбасылық құжат, орден-медаль, тұтыну заттары болсын, немесе халқымыздың өткен ғасырлардағы тұрмыстіршілігін бейне-лейтін этнографиялық бұйымдар болсын, көне кітап, қолжазбалар болсын, т.б. бұйым-заттарды да Музейге сыйлауларыңызды өтінеміз. Сондайақ қолдарыңыздағы тарихи Һəм мəдени мұраларды мемлекеттік музейге уақытша сақтауға берсеңіз ол сол табиғи қалпын бұзбастан (арнайы режимде сақталып) барша жұртшылықтың назарына ұсынылады жəне өте қажет кезінде өзіңізге қайтарыла-ды.
Əрбір жеке адамның қолындағы құнды жəдігер сандық түбінде жата бермей, көпшілік назарына ұсынылып, халықтың көз қуанышына айналуы қажет. «Қазақ – жоқшы», жоғымызды түгендейік, ағайын!
Мейіржан Мусабаев,
Саяси қуғын-сүргін құрбандары
музейінің меңгерушісі.