Алматы облысы әкімдігінің жанындағы төтенше жағдай тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі штаб шешімімен бүгіннен бастап аймақта ХҚО-лар қайтадан жұмыс істей бастады. Алайда вирустың таралу қаупі сақталуына байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс тәртібін өзгерту туралы шешім қабылданды. Енді Талдыкорган қаласының ХҚО-лары жаңа форматта жұмыс істейтін болады, яғни азаматтар ХҚО-дан тек электронды форматта қолжетімсіз «қағаз жүзіндегі» қызметтерді ала алады және ХҚО-ға бару үшін кезек уақытын 1414 байланыс орталығы немесе немесе egov.kz порталындағы арнайы сервис арқылы алдына ала брондау қажет болады.
Алдын ала жазылусыз ХҚО-ларда ешқандай қызмет көрсетілмейді.
Дегенмен 3 санаттағы азаматтар, яғни зейнеткерлер, көп балалы отбасылар және мүгедектер электрондық қызметтерді ХҚО-дан ала алады. Әр фронт-офисте олар үшін жеңілдік терезесі жұмыс істейді. Сондай-ақ олар да ХҚО-ға баратын уақытын алдын ала брондауы керек.
«Коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі әлі жойылған жоқ, бұл шаралардың барлығы талдықорғандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданған. Өзгерістер Талдыкорган қаласының Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысына ғана қатысты. Текелі және Қапшағай қалаларында, аудан орталықтарында және ауылдық жерлерде орналасқан ХҚО-лар өзгеріссіз жұмыс істейтін болады.
Азаматтар электронды форматқа аударылған және egov.kz порталында қолжетімді барлық мемлекеттік қызметтің 80%-дан астамын тек өздігінен немесе бұрынғыдай ХҚО ғимараттарында емес, кітапханаларда, ауылдық округ әкімдіктерінде, Қазпошта бөлімдерінде орналастырылған өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында ала алады.
《Азаматтарға арналған үкімет》 мемлекеттік корпорациясы》
КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалы
Талғар аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімі