Әлем болып алысқан тәж ауруын да жеңуге таяу қалдық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тиісті шараларды дер кезінде қолдануының арқасында өзге елдердегі қиын жағдай, өз елімізде қайталанбады. Батпандаған дерттің дендемеуі жолында жұмыстар жасалынып, күрестер күшейгенімен ауруға шалдыққандар санының күн санап өскенін көз көрді. Десекте ел ішіндегі екі айға жуық уақытқа созылған төтенше жағдайдан туындаған ыңғайсыздық халық пайдасына ойнап, ауруды ауыздықтауға көмегін тигізді. Соның нәтижесінде бүгінгі күні елдегі төтенше жағдай режимі алынып тасталды. Бұл жөнінде президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында баян етті.
Өз кезегінде мемлекет басшысы «Бүгін бүкіл еліміздегі төтенше жағдай режимі аяқталды. Алайда, кейбір аймақтарда дерттің таралуы бәсеңдемей отыр.Індет толығымен жойылып кеткен жоқ. Пандемия халықтың денсаулығына әлі де қауіпті. Сондықтан карантиндік шектеулер әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынады»,- деп астын сызып айтқанын көрдік. Президент бұл сөзімен көптің көкейінде жүрген сан сауалдардың жауабын айтты деп ойлаймын. Бұлай деуімнің себебі, елімізде Covid-19 сырқатының әлі де болса өсу көрсеткішінің тоқтамай тұрғанын көрген халықтың алдағы күніне алаңдаушылық танытатыны белгілі ғой.
Және мемлекет басшысының ТЖ жағдайға байланысты табысынан айырылып мемлекет тарапынан қаржылай көмек алған азаматтар жайында айтқаны көңілге қонымды, құптарлық ой болды. Соның бірі аталған 42500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемнің басты талабы болған, бірыңғай жинақтық төлемді бірінші рет төлеген азаматтардың мәселесін көтеріп, алдын алуға бағытталған шаралар жөніндегі шешімімен бөлісіп өтті. Мәселен «Әлеуметтік төлемді алған азаматтардың 40 пайызы – БЖТ-ны бірінші рет төлегендер. Бұл – шынында да мемлекеттік көмекке мұқтаж азаматтар. Оларды экономикаға барынша тарту керек. Бұл адамдар қайтадан «көлеңкеге» кетіп, өз проблемасын бетпе-бет қалуының алдын алу керек», — деген ойының халық тарапынан да қолдау табатыны белгілі. Тағы бір сөзінде «Міне сол себепті уақытша жұмыссыз қалған азаматтар мен дәл осы санаттағы азаматтар – Үкімет пен әкімдердің жіті назарында болуы тиіс»,- екендігін айтып ат үстінде жүрген азаматтардың жауапкершілігіне жүктеуі халықтың үкіметке деген сенімін арттырады деген ойдамын.
Келер күнді талқыға салып, сырқат салған салмақтан арылуға бағытталған келелі жиында көтерліген көп мәселенің шешімі келешегіміздің кемелденуіне өз септігін тигізеді деген зор үміттемін.
Балжан Жангабаева,
Сәкен Сейфуллин атындағы
№2 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
12 комментариев
Магжан 11.05.2020 at 18:49
Йа дурыс айтасыз сизбен толыктай келисемин ✊✊✊
Бақыт 11.05.2020 at 19:01
Жарайсыз?
Малика 11.05.2020 at 19:13
Керемет?
Айнұр 11.05.2020 at 19:14
Күшті жазылған.
Еламан 11.05.2020 at 19:24
Керемет! Еліміз ауру сыркаудан аман болсын! Тәуелсіздігіміз мәңгі жасай берсін!
Еламан 11.05.2020 at 19:29
Керемет?
Сымбат 11.05.2020 at 19:50
Өте дұрыс айтасыз? сізбен толықтай келісімін.
Калмурат 11.05.2020 at 20:40
Оте жаксы жазылган ?
Жандос 11.05.2020 at 22:33
????
УУлпаш 11.05.2020 at 23:28
Кызым жарайсын??????
Кама 11.05.2020 at 23:59
Жарайсын ойын анык сенимди жаздын оте керемет тусиникти жарайсын
Дамир 14.05.2020 at 13:33
ЧП туралы жаксы малемет