Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 1 жағдай анықталды.
Крорнавируспен ауырған 1 адам бүгін Талғар ауданында тіркелді, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Науқас бұрын науқастанған адаммен қарым-қатынаста болған.
ПЦР-талдау нәтижелері бойынша науқастан COVID-19 анықталды.
Науқас қазіргі уақытта Еңбекшіқазақ ауданаралық көп салалы ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды.
Онымен қарым-қатынаста болған тұлғалар анықталып оқшаулануда, олар КВИ-ға зертханалық зерттеуден өтеді.
Эпидемиологиялық тексеру жалғасуда.
Бүгінгі күнге Алматы облысында коронавирупен ауырған 177 адам тіркеліп, оның 45-і жазылып шыққан.
Талғар-ақпарат