Жақсылықтан үміттіміз

Жақсылықтан үміттіміз

Өздеріңізге белгілі күні кеше шыққан мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің халқына жасаған мәлімдемесі ел назарына ұсынылды. Бір айдан аса уақыт күнделік күйбеңінен қол үзіп қалған ел азаматтарына президенттің осы жолғы жолдауы ерекше әсер етті деген ойдамын. Бұлай деуімнің себебі ертеңім қалай болады деп екі ойлы күйде жүрген отандастармыздың сан алуан сауалдарына жан-жақты жауап берілуі. Мұқият оқып шыққан болсаңыз дендеген дертпен күрестегі жасалған уақытылы шаралардың нәтижесінде ауырғандар санының күрт көбейуінің алдын алдық деген сөзінің өзі, ел болып күткен жеңістің алыс еместігін көрсетсе керек. Десекте карантин бітпей сабырсыздыққа салынып жауапсыздық танытқан жағдайда коронавирусқа шалдыққандар көрсеткішінің көбейіп кетуі мүмкін екенін айтқан мемлекет басшысы,  халықты босаңсымауға шақырды. Келер айдың басынан бастап ел ішінде әуе жолдарының жұмысы ашылып, бірқатар кәсіп орындардың қалыпты режимде өз жұмыстарын жалғастыратындығы жәйінда тілге тиек етті. Және мемлекет тарапынан қолдаулардың болатындығын, тиісті шаралардың заң тұрғысында қадағаланатындығын назарға алып отыр. Перзидентіміздің «Қазіргідей күрделі кезде әрбір азамат біздің назарымызда болады. Мемлекет ешкімді қиындықта қалдырмайды.»-дегені қараша халықтың көңіліне сенім ұялататыны белгілі.

Иә, әлем тарихында болмаған осы бір кезеңнен кейінгі қалыпты тіршілігімізге қайта оралуымыз оңайға соқпасы анық. Бұл жөнінде президент «Қазірден бастап дағдарыстан кейінгі кезеңге дайындалуымыз қажет. Біз енді жаңа жағыдайда өмір сүретін боламыз ».-деп астын сызып көрсетуі алдымызда үлкен өзгерістердің болатындығын меңзейді. Тағы бір тоқтала кететін маңызды жәйт, карантин – ұстаз, дәрігер, тәртіп сақшылары сынды жауапты сала өкілдерінің қадірін ұғындырған құндылықтар таразысы бола білді. Өз кезегінде Қасым-Жомарт Кемелұлының «Халықтың қауіпсіздігі үшін жанкештілік танытып жүрген дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне, құқық қорғау органдарының өкілдеріне және әскери қызметшілерге алғыс айтамын.» – деп жүрек жарды лебізін жеткізуі, аталған ауырумен бет-бет келіп, білімі мен біліктілігінің арқасында адам өмірінің арашасы болып жүрген әріптестерімнің еңбегіне берген үлкен бағасы деп білемін. Бұдан бөлек медицина саласына үлкен қолдаулар көрсетілетінгін естіп қуанып қалғанымыз тағы бар.  Өз басым қоғамның тек жақсы бағытта өзгеретіндігіне үміттімін. Ел аман, бірлікте болса ырысмыз толысып еңсеміздің көтерілері анық.

Жұмагүл ТАСБОЛАТОВА

медицина қызметкері, дәрігер.