Əлсіз айғайшыл келеді

Əлсіз айғайшыл келеді

Халқымызда «Осалдың бәрі ойбайшыл, әлсіздің бәрі айғайшыл келеді», — деген тəмсіл бар. Қандай да бір күйзеліске ұшыраған сәтте, байбалам салмай, керісінше барынша байыптылық, сабырлылық танытса, одан асқан рухани байлық жоқ дегенге саяды мағынасы. Қазіргі күрделі уақыт осы тəмсілдің бар болмысын ашып көрсеткендей. Індеттің келуіне, оның тіпті жаппай таралуына сенбеушілік танытқандар көбейген сайын, айтып келмейтін ауру дегенін жасап бағуда. Күннен күнге өршіп, шығындап барады. Сондықтан та ел басындағы азаматтар халықты сабырлыққа шақырып, Үндеу жариялап жатыр. Сабырлық ол жайбараттық емес. Керісінше  барлық істің нәтижелі болуы əр пенденің  құзырында екендігін байқатады. Көп адам «Бір мәнісі болар. Маған жетпес» деп қойып, екі қолды қалтасына салып көшеде тайраңдап жүретініне ішім ашиды! Ондай сабырсыздыққа бармайық. Ұстамдылық қасиеттен ажырап, тағатсыздық танытар болсақ, бұл біздің осалдығымызды білдіртеді.

Аяулым Оспанова,
Талғар ауданы, Жалқамыс ауылы,

№15 орта мектебінің мұғалімі.