Алматы облысында коронавируспен ауырғандар саны тағы 8 адамға артты, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Іле аудандық ауруханасының фильтріне жүгінген 3 тұрғынның кеудесі рентгенге түсіріліп, олардан өкпе қабынуы анықталған. Үшеуі де аталған ауданның тұрғындары. 1985, 1971 және 1967 жылы туған бұл азаматтармен 23 адам байланыста болған. Олардың бәрі оқшауландырылды.
Ал Кербұлақ ауданында COVID-19 инфекциясын жұқтырған 5 адам тіркелді. Олардың ең үлкені 35 жаста, ең кішісі 3 жаста. Сырқаттармен байланыста болған 38 адам карантинге алынды.
Сөйтіп, 17 сәуірдегі сағат 20.00-дегі жағдай бойынша Алматы облысында коронавируспен ауырғандар саны 37-ге жетті.
Талғар-ақпарат