Бесқайнардағы берекелі іс

Бесқайнардағы берекелі іс

Қайырымдылық – мұқтаж жандарға деген сүйішпеншілік пен нақты көмек. Сонымен қатар ізгіліктің анық көрінісі болып табылады. Кісінің айналасындағы адамдармен қарым-қатынастарының қандай екендігін  көрсеткіші.

Мемлекет басшысының қолдауымен жүзеге асып жатқан жалпыхалықтық  «Біз біргеміз» қайырымдылық акциясы Талғар ауданына қарасты Бесқайнар ауылында да өз жалғасын тауып отыр. «Бітер істің басына жақсы келер қасына» дегендей бұл жолғы игі шараның өтуіне мұрындық болған аудандық маслихат депутаты, «Нұрбастау шапағат» қорының президенті Арман Рахманов. Депутат өз кезегінде, аталған ауылдық округте тұратын әлеуметтік жағыдайы төмен, мүгедектігі бар деп танылған жиырма отбасыға  әлеуметтік азық-түлік пакетін үлестіріп берді.

Осы ретте қиын өткел тұсында тұрған қарашаның қамын ойлап, барымен бөлісіп халыққа демеу болып жатқан аудан азаматтарының бұл әрекеттері жоғарыда келтірген мысалдарымызға дәлел болса керек.

ТАЛҒАР-АҚПАРАТ