Алматы облысында коронавируспен ауырған 12-ші науқас тіркелді, — деп хабарлайды Алматы облысы əкімінің баспасөз қызметі.
Сырқат — 1998 жылғы қыз бала. Талғар ауданы, Ақтас ауылынан. Ол короновирус инфекциясының 11-ші жағдайы ретінде тіркелген, КВИ анализдері оң нәтиже көрсеткен, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласының тұрғынымен байланыста болған. 12-ші сырқат Еңбекшіқазақ аудандық орталық ауруханасының инфекциялық бөліміне жатқызылды. Онымен байланыста болған 11 адам анықталып, барлығы да карантинге алынды.
Атап өтсек, 12 сәуірдегі жағдай бойынша, Алматы облысында «коронавирус инфекциясы» диагнозы қойылған бір пациент емделіп шықты.
Талғар-ақпарат