Елбасының күні кешегі үндеуі ойы түзу талай жанның санасына жөні түзу ой салды деп ойлаймын. «Тәуелсіздік жылдары ел өмірінің ең қиын да күрделі кезеңдерінде мен кез келген мәселені қадірменді отандастарыммен бірге бүкпесіз ашық талқыға салып, туған халқыммен үнемі бөлісіп келдім» — деп бастаған Елбасы бұл сын сынақтан сүрінбей шығатынымызға сендіре білді.
Қазақ елі қайсарлығымен, қажырлығымен, рухтық қасиетінің жоғарылығымен талай қиын қыстау заманды жеңе білді.
Бүгінгі таңда да еліміздің басына үлкен сынақ болып келген коронавирус пандемиясын бәріміз біріге отырып жеңеміз. Осы сәтте ел амандығы, ұлт амандығы үшін вирусқа қарсы күресте медицина саласының кызметкерлері бар күштерін салуда! Көршілес Қытай елі темірдей тәртіптің арқасында жеңіп шықты. Бауыржан Момышұлының ”Тəртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген ел құл болмайды” деген қанатты сөзі еске оралады. Сондықтан Үкімет тарапынан , денсаулық сақтау ұйымдары тарапынан жасалып жатқан ауқымды істерді аяқасты етпей, баршаларыңызды қатаң тəртіп сақтауға шақырамын. Үйде болыңыздар!!!
Сонда ғана індет ауыздықталып, елімізге жайма шуақ күн оралар сәттің ауылы алыс емес!
Карантин талаптарын қатаң сақтап, үйде болыңыздар!
Еңлік Әбілжанова,
Бесағаш дәрігерлік амбулаториясының меңгерушісі.