Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осындай сын сағатында өз халқымен бірге екенін білдіріп,үндеу жариялады.»Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады»демекші қандай қиын қыстау кезең болмасын қыран тамырлы қазақ елі еш бөлінген емес, бір-біріне әрқашан демеу болып, біртұтас ел болып келеміз деген Елбасы сөздері бойға қуат беретіні сөзсіз. Сондықтан қазақ елінің бірлігі бұл — мемлекетіміздің ірге тасы. Сондай ақ Елбасы мемлекет тарапынан қолдау алып өз кәсібін дөңгелете білген кәсіпкерлерімізге барынша халқына көмек көрсетуге үндеді. Бүгінгі бастамалар еліміз тұтас, қоғамымыз тұрақты болған жағдайда ғана жүзеге асатынын ескерсек, елімізде еңгізіліп жатқан әр қолдау жарқын болашаққа ұмтылу екендігінің айкын көрсеткіші.
Ұлы Абай атамыз айтпақшы «Біріңді қазақ бірің дос,көрмесең істің бәрі бос», — демекші дәл осы кезеңде бабаларымыздың тасқа басқан өсиеттерін ұстана отырып, қиыншылықты еңсеретінімізге сенім қосқым келеді.
Бағжан Құдабаев,
Талғар аудандық мәслихат депутаты,
ШЖҚ «Талғар медициналық колледжі»МКК директоры, м.ғ.к.