ЕЛІМ ДЕГЕН ЕЛ БАРДА…

ЕЛІМ ДЕГЕН ЕЛ БАРДА…

Ел басына осындай  қиын кезең туғанда  Елбасы Қазақ еліне «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты Үндеуін  жариялады.  Елбасының  айтқан сөздерін жаны қазақ адам ғана толық түсініп қабылдады деп сенемін.

Өзінің   жүрек жарды сөзінде Елбасымыз Тәуелсіз Отанымыздың отыз жылға тарта өмірін көз алдына келтіре, оның даму жолдарында жүргізілген, қолға алынған жұмыстарды алға тарта келіп, ел мен жұртты сындарлы шақта ынтымақ-бірлікті, сабырлы, салмақты болуға шақырды. «Біз оны осындай сын сағатта септігін тигізетін халқымыздың төзімділігі, ерік-жігері және өзіне деген зор сенімі арқасында міндетті түрде жеңіп шығатынымызды, ол үшін бізге қажетті нәрсе – қаржы-қаражат, материалдық ресурс, техника, азық-түлік – бәрінің баршылық екендігін, алаңдайтын, абыржитын еш негіз жоқ екендігін де  атап айтты.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей халық болып күресіп, бірлесе жүріп жеңетін бұл дерттің емі ауызбіршілік пен тәртіптің негізіндегі карантин. Бұл жөнінде  өз мақаласын жариялаған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы « Бүгінгі күрес даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының: «Тәртіпсіз – ел болмайды, тәртіпке бас иген ел құл болмайды» деген қанатты сөзін еске салады және соны бекем ұстануды талап етеді. Өздеріңіз білесіздер, бұл пандемияны көршіміз Қытай елі ұйымшылдығы мен темірдей берік тәртібінің арқасында ауыздықтай алды»,- деп көрсеткен. Расымен де көрінбейтін  жаумен қарусыз күрестегі аспан асты елінің бұл ерлігі бізге үлгі болуы тиіс. Сонымен қатар Елбасы өз кезегінде  мемлекет бұл қиындықтан шығу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтындығын,  бірде-бір ел азаматының, мемлекет  қамқорлығынан тыс қалмайтындығын жеткізді. Елбасының бұл сөзі үйде отырған отандастарының үрейін сейілтіп үміт оятқаны анық.  Десекте, бұған дейін президет Қасым-Жомарт Кемелұлының  бастамашылдығымен мемлекет тарапынан бөлек ел кәсіпкерлерінен де жасалып жатқан көмектер аз болып жатқан жоқ.  Бұл жайында Елбасы «Кәсіпкерлерге де арнайы айтарым барсіздер тәуелсіздіктің арқасында өз істеріңізді қалыптастырып, аяқтарыңызға нық тұрдыңыздар, мол дәулетке кенелдіңіздер. Енді «Мен еліме не беремін?» дейтін кездеріңіз де келді»,-деп кәсіпкерлерге сенім білдіріп, ой тастады. Айтпасқа болмас елмізге төтенше жағдай жарияланған күннен бастап -ақ жергілікті биліктің бір шетіне шығып, қолдарынан келген көмегін ортаға салып жатқан азаматтарымыз да жоқ емес. Бұл дегеніміз мемлекет басында жүрген ел ағаларының айтқанын халық ішінен шыққан азаматтардан қолдау тапқандығының көрінісі.

Елін сабырға шақырған Елбасы бұл мақаласында «Енді Үкімет пен жергілікті атқару органдары соны үнемді түрде, рет-ретімен орындауға кірісуі керек. Әр министр, әрбір облыс, қала және аудан басшылары жүйемен, тәртіппен, үйлесіммен, нақты жоспармен, нық сеніммен әрекет етіп, уақытша қиындықтан шығуға барлық күш-қуатты жұмылдыруы қажет. «Nur Otan» партиясының мүшелері де осы бір сауапты істің алдыңғы қатарынан табылуға тиіс»,- екендігін айтып, қамкөңіл күйде отырған халқының қамына алаңдаушылық танытты. Елім деген ер барда, ерін қолдаған ел барда бұл қиын өткелден де аман-есен өтерміз!

Ел ағалары,  біз, келешек жас ұрпақ алдындағы жауапкершілікті сезініп, халқымызға жол сілтеуіміз керек. Біз осы тұста бар күш жігерімізді жұмсап. Бұл сынақтан да сүрінбей өтіп, қасиеті де, қастерлі Тәуелсіздігімізді сақтай отырып, «Мәңгілік ел» болуымыз керек. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, Мемлекетіміз ғұмырлы болсын! Біз біргеміз, берік іргеміз!

ҚАЛИМОЛДА БАЙБОЛОВ,  

Қоғамдық кеңестің төрағасы,

Алматы облысының «Құрметті азаматы».