«Жас Сарбаздар» ант қабылдады

«Жас Сарбаздар» ант қабылдады
Өткен аптада мектеп оқушылары арасында «Жас Сарбаз» әскери патриоттық клубына мүшелекке қабылдап, Отан алдындағы ант қабылдау рәсімі өтті. Ауданымызда тұңғыш рет бастау алған шараның өтуіне аудандық Қорғаныс істер жөніндегі бөлімі мұрындық болды.
М.Бейсебаев атындағы ТАжМК ғимаратында өткен ант қабылдау рәсіміне аудан бойынша жиырма үш мектеп оқушысы қатысты.

Бұл рәсімге қолдау танытып Ауған соғысының ардагерлері мен колледж оқытушылары, сондай-ақ ата-аналар, аудандық білім бөлімінің мамандары және әскерилер қонақ ретінде қатысты. Сондай ақ осы шараға арнайы келген «Жас сарбаз» республикалық қозғалысының Алматы облысы бойынша филиалының төрағасы Айбол Батырболұлы келді. Өз кезегінде «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы республикалық бірлестігінің өкілдері өңірде өскелең ұрпақ бойында ұлттық рухты қалыптастыру, әскери патриоттық тәрбиені жандандыру ісін мықтап қолға алып келе жатқандығын баяндады.Жиын соңында аудандық білім бөлімі мен Қорғаныс істері жөніндегі бөлім және «Жас Сарбаз» республикалық қозғалысының Алматы облысы бойынша филиалы төрағасының арасында Меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Ант қабылдау рәсімінде қаз-қатар сап түзеген әскери патриоттық клуб мүшелерінің қайсысы болмасын оқуда озат, спортта биік белестерді бағындырып үлгерген жалынды да жігерлі жастар еді.
Дархан МАҚСАТҰЛЫ 
ТАЛҒАР-АҚПАРАТ
TELEGRAM  КАНАЛЫМЫЗҒА ЖАЗЫЛЫҢЫЗ!