Мақсат – халықпен тікелей қатынас орнату

Мақсат – халықпен тікелей қатынас орнату

Кеше Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасында белгілеген міндеттерді орындау мақсатында «БІРЫҢҒАЙ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КҮНІ» жалпыреспубликалық іс-шарасы өтті. Бұл күні аудан әкімі Жолан Омаровтың жеке қабылдауына 140 адам жазылған еді. Бірақ аудан басшысы олардың 87-сін ғана қабылдап үлгерді. Түске дейін 35, түстен кейін 52 адамның арыз-мұңын тыңдаған аудан басшысы сол мезетте-ақ қасында отырған жауапты сала басшыларына тапсырмалар беріп, сауалға тиісті жауап берілуін басшылыққа алды. Қабылдауға келушілер негізінен кәсіпкерлік, әлеуметтік сала, тұрғын үйдің мәселесін қозғады. Үнемі өзекті болып табылатын жол, ауыз су, жарық, АӘК мәселері де шет қалмады. Мал жайылатын жайылым мен жер телімін бөлу жөнінде көмек көрсетуін сұраушылар да болды. Өзі қабылдаған азаматтарды тыңдай келе Жолан Ыбырайақынұлы олардың әрқайсысына тиісті түсінік беріп, ұсыныс-тілектердің қолданыстағы заң шеңберінде жүзеге асатынын жеткізді. Десек те, тұрғындардың құқықтық сауаттылығының жетіспеушілігінен де туындаған сауалдар көрініс тапты.
Айта кетелік, бұл күні барлық ауылдық округ әкімдері жергілікті жерде азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді.

«Талғар-ақпарат».