ӨНЕРЛІ ОТБАСЫЛАР САЙЫСҚА ТҮСТІ

ӨНЕРЛІ ОТБАСЫЛАР САЙЫСҚА ТҮСТІ

Осы аптаның жұмасы күні аудандық «Мәдениет үйінде» аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен аудандық «Ауыл әйелдері» кеңесінің төрайымы М.Сиқымбаеваның ұйытқы болуымен «Рухани тәрбие — отбасыдан»атты әр ауылдан жиналған өнерлі отбасылар арасында байқау болып өтті. «Ел іші — өнер кеніші» дегендей, әр ауылдан жиналған өнерлі жанұялар «Тегіңді білу тектілік», «Өнерліге өріс кең», «Ұлттық салт-дәстүрлер», «Қонақ күте білеміз бе?» деген өнер байқауларында біліктілік таныта білді. Сайыс қорытындысында Тұздыбастау ауылынан келген Төтекиндер отбасы, Қызыл-Қайрат ауылынан келген Қапсалямовтар жанұясы, Бесағаш ауылынан келген Балиновтар үшінші орынға ие болды. Өнерлі де өнегелі жанұя иелері — Оқасовтар мен Нұра ауылынан ат терлетіп келген Нүсіпжановтар әулеті жүлделі екінші орынға лайықты деп танылды. Ал бірінші орынға өнерлі Қарабалаевтар жанұясы ие болып, Қайнар ауылдық округінен келген Сахиповтар отбасы бас жүлдені талассыз жеңіп алды. Оларға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ф.Бегенбаева мен «Ауыл әйелдері» кеңесінің төрайымы М.Сиқымбаева «Алғыс хаты» мен бағалы сыйлықтарын салтанатты түрде табыс етті.

 

Тұрсынбек ЖАЛҒАСБАЕВ,

Талғар-ақпарат.