Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Құрметті отандастар!

Баршаңызды келе жатқан мұсылман­шы­лық­тың төл мерекесі Құрбан айт мейрамымен құттықтаймын! Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, істеріңізде толағай табыс тілеймін.
Құрбан айт – Жаратушы иеміздің белгілеп берген ұлық мерекесі. Халқымыз бұл мейрамды айырықша дайындықпен атап өтеді. Бұл мереке ағайынның ауыз­біршілігін арттыра түсетін, мұсылман қауымының арасында танысу, араласу өзара сүйіспеншілікке жетелейтін ұлық мейрам. Айт күні адам баласы тек құрбан шалумен ғана емес, сауапты, ізгі, қайырлы амалдармен Жаратушы Хаққа жақындай түседі. Өйткені араб тіліндегі «құрбан» сөзі «жақындау» деген ұғымды білдіреді.

Қасиетті Құранда: «Ұмытпаңдар, олардың еті де, қаны да ешқашан Аллаға жетпейді. Оған жететін нәрсе – жүректеріңізге ұялаған тақуалықтарың (шынайы ниеттерің)» («Хаж» сүресі, 37-аят)», – деп баяндалған.

Құр­бан­дықққа шамасы жетпейтін адамға құрбан шалу міндет емес. Құрбандық малдың еті ағайын-туыс, көрші-қолаң, тұрмысы төмен отбасыларға, жетім-жесірлерге таратылады.
Құрбан айт күні ұнамды амалдар: Ер­те тұрып ғұсыл дәретін алып, таза, жақсы киімдерді киіп, иіс су себініп, айт намазына барып қатысу. Пайғамбарымыз Мұхаммед­тің (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннеті.

Қадірлі ағайын! Талғар ауданы бойынша Құрбан айт намазы 11 тамыз күні таңғы сағат 07:00-де оқылады.

Барша жамағатты, еліміздің жанашыр аза­маттарын мүбәрак мейрамның құрметі үшін мүгедектерге, жетімдер мен жесірлерге, қараусыз қалған қарттарға қайырымдылық жасауға шақырамын.
Алла Тағала дұға-тілектеріміз бен сауап­­­­ты іс­терімізді және шалған құрбан­дықтарымызды қабыл еткей! Әмин!

Мұсабек Тағанұлы,
Талғар ауданының Бас имамы.