Қазгидрометтің болжамы бойынша, елміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы тіркеліп отыр. Десекте республиканың батыс, солтүстік-батыс өңірлерінде атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты аталған облыстардың бірқатар аймақтарына жаңбыр, бұршақ жаууы күтілуде,- деп хабарлайды ТалғарАқпрат Қазгидромет РМК сайтына сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысының кей аудандарында күндіз 15-20 м/с жел тұрып, бұршақ жауады делінген.
Шығыс Қазақстанға келер болсақ күндіз шаң көтеріліп, жел күші 15-20 м/с жетуі мүмкін деген болжам бар.
Еліміздің орталығымен оңтүстігіндегі күн райы қатты ыстық болатын айтылуда.
Осыған орай Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.
ТалғарАқпарат