Бүгін еңселі елордамыздың төрінде Тәуелсіздік сарайында еліміздің жаңа Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты ұлықтау рәсімінің өткенін телеарналардан көрдік. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында екінші басшысы өз қызметіне кірісті. Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге етене таныс, бұрыннан билік басында жүрген азамат. Қазақстанның ішк-сыртқы саясатына белсене араласып, жас мемлекетімізді аяғынан нық тұрғызуға үлес қосып келді. Сондықтан да шығар қазақстандықтардың басым көпшілігінің Қасым-Жомарт Кемелұлына сенім артып, дауыс бергендіктері деп ойлаймын. Өзінің сайлауалды бағдарламасында да сабақтастық, әділдік, өрлеуді басты қағида етіп ұстанып, елімізді жаңа сатыға көтеруге барын салатынын айтып жатыр. Бүгіннен бастап заңды қызметіне кірісіп, елімізді биік белестерге жеткізеді деп сеніп отырдық. Ұлықтау рәсімінде берге антында да Қазақстан халқына адал қызмет етуге уәде берді. Ұлтымыздың көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың салған сара жолын жалғастырып, сол саясатты ұстанып, ел игілігін арттыратынын айтты. Инаугурацияда сөйлеген сөзінде адымен халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартып, жұмыссыздықты жою керектігін алға тартты. Бүгінде барша қазақстандықтардың қалтасын қағып отырған несие мәселесін де тілге тиек етті. Ауыз су мен жолдың да жағдайының да жақсаратынын жеткізді. Тек қазақ елің ғана емес бүкіл әлем халқы күресіп жатқан жемқорлықпен күресті жалғастырып, сот және құқық қорғау жүйесін реформалау керектігін де айтты. Әсіресе, білім саласы мен денсаулық сақтау саласын ерекше назарға алып, жаппай білім беруді қолдап, барлық тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсету мәселесі алға тартты. Мұғалімдер мен дәрігерлердің мәртебесін көтеретін жаңа заң қабылданатыны, аталмыш мамандардың құқықтарын қорғап, материалдық жағдайымызды жақсарту үшін барлық жағдай жасалатыны қуантады. Мемлекет басшысы біздерге осындай қамқорлық танытып, абыройымызды асқақтатып жатқанда біз де қарап қалмай, елімізге адал қызмет етіп, білімді де саламатты ұрпақ тәрбиелеп, өз үлесімізді қосатын боламыз.
Жансая Әлімбекова,
№36 орта мектептің психологы.