Сенімім зор

Сенімім зор

Қазақстан Республикасының Президентін сайлау барлық заң талаптарына сай сайлаушылар мен кандидаттардың тең құқын сақтай отырып, жоғары деңгейде өтті. Соған сәйкес өзінің жарқын келешегі мен жастардың бақытты болашағын ойлаған халқымыз бұл сайлауға бір кісідей жұмыла қатысып, сындарлы сәтте дұрыс таңдау жасай алды. Өйткені бұл сайлауға тек біздің еліміз ғана емес, әлем назарын тікті. Отыз жылға жуық ел тізгінін ұстаған ұлы саясаткер, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында алыс-жақын шет елдерге танылған еліміздегі бұл саяси науқан ешкімді бей-жай қалдыра алған жоқ. Нәтижесінде еркін, демократиялық сайлаудың үлгісін көрсете алған еліміз жаңа басшысын тағайындап, жаңа болашаққа нық сеніммен қадам басты. Саяси аренада ойып орын алатын кемел басшы Қасым-Жомарт Кемелұлы Елбасының жолын жалғастырып, қазақ елін одан әрі өркендете беретініне сенім білдіремін.

Жұмахан Еңкебайұлы,

аудандық мәслихат хатшысы.