Халық сенген азамат көш бастайды

Халық сенген азамат көш бастайды

Биыл алтыншы рет өткізілген  Президент  сайлауының өтуіне  Қазақстан халқы ғана емес, бүкіл әлем  мұқият көз тікті. Өйткені, биылғы сайлауға  Елбасы Н.Назарбаев қатыспағандықтан, ел тағдырын кімге тапсыруға болады  деп толғанған   қалың жұрт сайлауға  түсуге  тілек білдіріп,  өз кандидатураларын  ұсынған Жамбыл Ахметбеков,  Дания  Еспаева, Әміржан Қосанов,  Төлеутай Қасымбеков,  Амангелді  Таспихов, Қасым- Жомарт Тоқаев, Сәдібек Түгел  сияқты елге танымал,  ел тізгінін ұстайтын азаматтарға зор үмітпен қарады. Олардың сайлауды бағдарламаларындағы- тұрмысы төмен,  көп балалы  жанұялардың бірінші  кезекте баспанамен және мемлекеттік  жәрдемақымен  қамтамасыз ету, жастарды  жұмысқа  тарта отырып, олардың  бизнес бастамаларын Үкімет тарапынан  қолдау,  республика көлеміндегі  таза ауыз су, жол,  газдандыру  мәселелері  туралы  нақты бағдарламалары  халық көңілінен  шықты ғой деп ойлаймын. Өз бағдарламаларын сенімді түрде  халыққа, жеткізе білген  жан ғана  Қазақстан Президенті  болып сайланады ғой  деп ой түйдім.  Көп ойланып,  бір шешімге келген халық ел билігін  кәнігі  саясаткер, қоғам қайраткері  Қасым- Жомарт Тоқаевқа  ұстатып отыр ғой деп ойлаймын. Ел сенім артқан  Қасым – Жомарт Тоқаевты алда қызу еңбек майданы күтіп  тұрғаны анық.  Президенттік  сайлау додасында ең жоғары  пайыз дауыс жинаған  Қазақстанның жаңа басшысына  ел дамуының жаңа  белесінде  бар ауыртпалық пен  жауапкершілікті  мойнына  алған азамат ретінде халық  үлкен үмітпен   қарайды.

 

                                                                                             Иса Өскенбай,  

                                                                Қызыл қайрат ауылындағы ақсақалдар 

                                                                кеңесінің мүшесі,ел ақсақалы,

                                                               Талғар ауданының «Құрметті азаматы».