Жаңа басшы – жаңа белес

Жаңа басшы – жаңа белес

Еліміздің алдағы даму бағдарын айқындауда үлкен маңызға ие Президент сайлауы демократиялық үрдіске сай таза әрі әділ өтті деп толық сеніммен айта аламын. Қазақстанның азаматы әрі аудандық мәслихат депутаты ретінде саяси науқанға қатысып, өз таңдауымды жасадым. Сонда байқағаным, осынау саяси науқанға сайлаушылар аса жауапкершілікпен қарап, бір кісідей атсалысып жатты. «Nur Otan» партиясының лидері Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан президенті сайлауына билік партиясынан кандидат ретінде ұсынғанын білеміз. Партия мүшелері де Елбасының ұсынысын бірауыздан қолдап, бекіткен-ді.

Осы  күрделі кезеңде білікті саясаткер болса да Қазақстанның ұлттық мүдделерін қайсар мінезімен қорғайтын кәсіби дипломат, беделді тұлға ретінде танылған Тоқаевқа халықтың басым бөлігі де оң көзқарасын танытып, жеңіске жетуіне ықпал етті.

Қасым-Жомарт Кемелұлы қажет жерде талапшыл, жылдам шешім қабылдайтын дарынды азамат. Оның бұл қасиеттері тек өз елінде ғана емес, шетелдерде де мойындалған. Енді айқын басымдылықпен ел басшылығына келген соң Қазақстанның жаңа белестерді бағындыруға мүмкіндіктері арта түспек деп сенемін.

Амангелді Сембаев,

аудандық мәслихат депутаты.