Қазақстанда өткен алтыншы президент сайлауы жоғары өтті деп толық сеніммен айта аламын. Тарихи сәтте халықтың басым бөлігі белсенділік танытыпты. Орталық сайлау комиссиясы сайлаушылардың 77,4 пайызы дауыс бергенін хабарлады. Бұл дегеніміз, халықтың саяси санасы оянып, елдің болашағына, ертеңіне алаңдайтындықтарын аңғартады. Еxit poll нәтижесі бойынша Қасым-Жомарт Тоқаевтың үлкен жеңіске ие болып отырғандығы мемлекеттің тізгіні кемел басшының қолына тиді деген сөз деп білемін. Сайлаушылардың алдында таңдау мүмкіндігі мол болса да олар жоғары білімді, өмірлік тәжірибесі мол саясаткерді лайық деп таныпты. Жастар тарапынан да пікір осыған саяды. Өз басым еліміздің болашағы жарқын, келешегі кемел болу үшін лайықты үміткерге таңдау жасадым. Қазақстан – жастар мемлекеті.
Гүлназ Кеңесбаева,
Нұра ауылдық округі әкімі аппаратының
жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысы.