Мен, кеше Қазақстан Республикасының Президентін кезектен тыс сайлауында «Нұр Отан» партиясы атынан бақылаушы болып отырдым. Сайлау учаскесінде дауыс беру реті дұрыс жүрді, жайлы музыка ойнап тұрды. Сайлаушылардың назарына кітап жәрмеңкесі қойылып, қолөнер бұйымдары сатылымда болды. Сайлаушылар легі көп болды. Тұрғындардың сайлау процесіне белсене араласуы қатты қуантты. Әсіресе Республика көлемі бойынша жастар бұл саяси науқанға көптеп ат салысты. Оны кешеден бері көріп, біліп жатырмыз. Бұл деген үлкен жетістік. Яғни, мемлекеттің ұстанған саясаты дұрыс жолда деген сөз. Бейбітшілік пен халықтың әл-ауқатының жақсы болуына мүдделілер өз таңдауларын жасап, дауыс беру құқығын пайдаланды деп ойлаймын.
Замира Нұрланқызы Қалымбетова,
Талғар ауданының жастар ресурстық орталығының жетекшісі.