«Мерейлі отбасы» байқауының жүлдегері

«Мерейлі отбасы» байқауының жүлдегері

Халық даналығында: «Бір күндігіңді ойласаң – күріш ек, он жылдығыңды ойласаң – ағаш ек, жүз жылдығыңды ойласаң – ұрпағыңа жақсы тәлім-тәрбие бер», – деген ұлағатты сөз бар. Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Мерейлі отбасы» байқауы – бұл көпбалалы аналарды қолдауға арналған игі шаралардың біріне айналып отыр.

«Əрбір шаңырақтағы береке, тұтас  елдің берекесі» атауымен өткен облыстық «Ме рейлі отбасы» байқауы жақында Тал ды қорған қаласында өткен еді. «Жүзден – жүйрік, мың нан – тұлпар» демекші облыстың барлық аудандары мен өңірлерінен бақ сынаған 75 отбасының ішінен іріктеліп шыққан 35 отбасы Талдықорған қаласындағы Б.Римова атындағы драма театрында өткен жиында бас қосты. Міне, осы «Мерейлі отбасы» байқауына Талғар ауданынан қатысқан он баланың əкесі Марат Күшбаев пен анасы Гүлназ Отынбековалар мерейлері тасып оралды. Бір-бірімен тетелес Рашид, Гүлжан, Мирас, Дияс, Гүлдана, Ілияс, Айдана, Аяна, Анель, Амина сынды он баланы тəрбиелеп отырған отбасының тірегі Марат Күшбаев Талғар аудандық əкімдігіне қарасты тұрғын-үй, коммуналдық-шаруашылық меке ме сінде газ операторы болып еңбек етсе, он құрсақ көтерген Гүлназ Отынбекова қаладағы «ZETA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі пластика өнімдерін шығаратын цехта жұмыс жасайды. «Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар» демекші 2006 жылдан үй кезегінде тұрған Күшбаевтар əулетіне аудан əкімінің шешімімен 2014 жылы жаңадан бой көтерген көпқабатты үйден 3 бөлмелі пəтер берілген еді. Міне, Талдықорғанда өткен «Мерейлі отбасы» байқауында 45 жастағы Марат Күшбаев пен жұбайы Гүлназ Отынбековаға жауқазындай бой түзеп, бірінің соңынан бірі тізбектеліп өсіп келе жатқан 10 баланы тəрбиелеп, отбасы құндылықтарын биікке көтеріп келе жатқандары үшін 3-орын берілді. Өнегелі отбасыға байқаудың 3-дəрежелі «Дипломы» мен 250 мың теңгенің сертификатын тапсырған облыс əкімінің орынбасары Ақан Əбдуəлиев берекелі шаңырақ иелеріне бақытты ғұмыр тілеп, алдағы өмірлеріне береке-бірлік тіледі.

Тұрсынбек ЖАЛҒАСБАЕВ,

«Талғар».