Сенімді өкілдер спортшылармен кездесті

Сенімді өкілдер спортшылармен кездесті

Сайлау  — 2019

Жуырда  Талғар аудандық «Nur Otan» партиясы қоғамдық штабының мүшелері Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа қолдау көрсету мақсатында аудандық «Алмалы» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің еңбек ұжымымен кездесті. Кездесуге облыстық, аудандық қоғамдық штаб мүшелері, кандидаттың сенімді өкілдері, еңбек адамдары, «Жас отан» жастар қанатының жігерлі жастары мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты. Кездесуде алғы сөзді партия ардагері, облыстық қоғамдық штаб мүшесі Нәйля Үмбетова сөйледі.  Өз сөзінде ол кандидаттың өмірбаяны мен еңбек жолы туралы айтты. Ал одан кейін сөз алған партия ардагерлері, аудандық қоғамдық штаб мүшелері: Бағила Жолтаева мен Жұмахан Еңкебайұлы да бұл сайлаудың еліміз үшін қаншалықты маңызды екенін алға тартып, Қасым-Жомарт Кемелұлының  сайлауалды бағдарламасын жиалғандарға тарқата айтып берді. Шара соңында аудандық қоғамдық  штабтың төрағасы Мейрамгүл Ермағанбетова мекеме басшысы Дәулет Үшкемпіров мырзаға және жиналған мекеме қызметкерлеріне алғысын білдіріп, алдағы сайлауда жұмған жұдырықтай бірлік танытып дауыс беруге келеді деген сенімін жеткізді. Партия сенім білдіріп отырған үміткерімізге дауыс беруге шақырды.  Сонымен қатар, кездесу барысында жалпыұлттық «BIRGE» акциясы аясында еңбек ұжымының ұсыныс-тілектері тыңдалып, сенім жәшіктеріне жазбаша ұсыныстары жинақталды.

Перизат Нұрқаева,

«Талғар».