«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дейді дана халқымыз. Ал бүгінгі заманда ел болашағын түзеу — сайлауға барып, саналы таңдау жасаудан басталады. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан саяси реформалардың сәтті болуы тікелей біздің, яғни қатардағы азаматтардың белсенділігіне байланысты.
Сайлауға қатысудың маңызы зор. Біз өз дауысымыз арқылы ел басқару ісіне араласамыз. Бүгінгі таңдау — ертеңгі балаларымыздың тұрақты әрі дамыған мемлекетте өмір сүруінің кепілі.
23 тамыз — әрбір қазақстандық үшін үлкен сын, әрі үлкен мүмкіндік. Мұғалім мен дәрігердің, жұмысшы мен кәсіпкердің, жастар мен аға буынның қалауы бір арнаға тоғысқанда ғана біз мықты мемлекет құра аламыз. Ел ертеңіне бейжай қарамай, сайлауға бір кісідей қатысып, Әділетті Қазақстанның іргетасын бірге қалайық!
Г.Мамырбаева, Алматы облысы «Тіл» оқу – әдістемелік орталығы» КММ Талғар аудандық филиалының меңгерушісі

