Мемлекеттегі тұрақтылық пен қоғамдық келісім ең алдымен заң талаптарының орындалуына және азаматтардың құқықтық мәдениетіне байланысты.
Заңның үстемдігін қамтамасыз ету — құқық бұзушылық орын алғаннан кейін әрекет етумен ғана шектелмейді. Оның маңызды бөлігі — құқықтық сауаттылықты арттыру, алдын алу жұмыстарын күшейту және қоғамда заңға деген құрметті қалыптастыру.
Әрбір азамат өз құқықтары мен міндеттерін біліп, белгіленген нормаларды сақтаған жағдайда қоғамдық ортадағы өзара сенім де нығая түседі.
Заңға құрмет — тәртіптің негізі, тәртіп — тұрақты қоғамның кепілі.
#ЗаңМенТәртіп #ҚұқықтықМәдениет #Тәртіп #ҚауіпсізҚоғам
Құқықтық тәртіп — қоғам тұрақтылығының тірегі






