Қауіпсіз орта – ортақ жауапкершіліктің нәтижесі

Қауіпсіз орта – ортақ жауапкершіліктің нәтижесі

 

Қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылықтың негізі – заңға құрмет пен азаматтық жауапкершілік. Құқық бұзушылықтың алдын алу тек полиция қызметінің міндеті емес, қауіпсіз орта қалыптастыруға әр азаматтың қосқан үлесі маңызды.

Алматы облысында «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында профилактикалық жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Полиция, прокуратура және жергілікті атқарушы органдардың бірлесуімен өткізілген «Құқықтық тәртіп әліппесі» акциясының негізгі мақсаты – тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыру, заңды құқықтарын қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті нығайту болды.

Мұндай жұмыстардың мәні – құқық бұзушылық орын алғаннан кейін әрекет етумен шектелмей, оның алдын алу. Азаматтарға заң талаптарын түсіндіру, құқықтық сауаттылықты арттыру және қоғам мен құқық қорғау органдары арасындағы өзара сенімді күшейту – қауіпсіздіктің маңызды тетігі.

Заңды сақтау күнделікті қарапайым әрекеттерден басталады: қоғамдық тәртіпті бұзбау, жол ережесін сақтау, өзгенің құқығына құрметпен қарау және құқық бұзушылыққа бейжай қалмау.

Заңға құрмет бар жерде – тәртіп бар. Тәртіп бар жерде – қауіпсіз қоғам қалыптасады.