Талғар – жаңа мүмкіндіктер мекені

Талғар ауданының экономикалық әлеуеті жыл санап артып, кәсіпкерлік, өндіріс, құрылыс және инвестиция бағыттарында жаңа жобалар жүзеге асырылуда. Бұл – аудан тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындары мен қосымша мүмкіндіктердің қалыптасуына жол ашатын маңызды үдеріс.

Ауданда бүгінде жалпы құны 704,7 млрд теңгені құрайтын 39 ірі инвестициялық жоба іске асырылуда. Жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде 8 396 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған.

Сонымен қатар 2025 жылы аудан аумағында 50 шағын және орта бизнес нысаны ашылып, 323 адам жаңа жұмыс орындарымен қамтылған. Өңірде инвестиция тарту, өндірісті дамыту және кәсіпкерлік белсенділікті арттыру жұмыстары жалғасуда.

Экономикалық өсімнің басты нәтижесі – жаңа кәсіпорындар мен нысандардың бой көтеруі ғана емес, тұрғындардың еңбек етуіне, кәсібін дамытуына және тұрақты табыс табуына мүмкіндік беретін жағдайдың қалыптасуы.