Жасыл желек – ел көркі, табиғат – ұрпақ аманаты

Жасыл желек – ел көркі, табиғат – ұрпақ аманаты

 

Туған жердің тазалығы мен көркеюі үлкен бастамалардан ғана емес, әр адамның күнделікті ісінен басталады. Аулаға отырғызылған бір тал, тазаланған бір көше, табиғатқа ұқыпты қараған бір азамат – қоршаған ортаны қорғауға қосылған нақты үлес.

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында Алматы облысында көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары жүйелі түрде жалғасып келеді. 2026 жылдың басынан бері өңірде 77 мың көшет отырғызылып, 8 ірі тазалық шарасы өткізілді. Оның барысында 4 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. Сонымен қатар өңірде жыл сайын шамамен 220 мың түп ағаш отырғызу жоспарланған.

Бұл көрсеткіштер – табиғатты қорғау жұмыстарының ауқымын ғана емес, тұрғындардың экологиялық бастамаларға белсенді қатысуын да көрсетеді.

Тазалықты сақтау – бір күндік науқан емес. Ол қоршаған ортаға деген тұрақты көзқарасқа, мәдениетке және жауапкершілікке айналғанда ғана нәтижелі болады.

Бүгін отырғызылған әр тал – ертеңгі ұрпаққа қалатын жасыл мұра.